Павлодарда автокөліктен каннабис табылды
Алынған марихуананың жалпы салмағы шамамен 5,3 келі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 47 жастағы жүргізуші ұсталды. Автокөліктің салонында тінту жүргізу барысында жүргізуші орындығының астынан каннабис тобындағы есірткі салынған полиэтилен пакеті бар қорап табылды.
– Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел уәкілдер аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын жеткізу арнасын орнатты. Тұрғылықты жері бойынша үйдің жатын бөлмесінде металл фляг табылды, оның ішінде өткізу үшін дайындалған құрамында каннабис тектес есірткі бар жалпы салмағы 1,2 келі гашиш болатын 16 байлам табылды, – деп хабарлады департаментте.
Полиция аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті. Күдікті Павлодар қаласының полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Сондай-ақ жедел уәкілдер облыс аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысқан басқа да тұлғаларды анықтауды жүргізуде.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.