Министр Павлодарға келмейтін болды
ҚР Төтенше жағдайлар министрі көрші облыстағы табиғи апатқа байланысты өңірге келмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Кездесу Абай облысындағы төтенше жағдайға байланысты басқа уақытқа шегерілді. Естеріңізге салсақ, 15 маусым күні Павлодар облысының тұрғындары мен Төтенше жағдайлар министрінің кездесуі жоспарланған еді.
- Абай облысында жарияланған төтенше жағдайға байланысты Төтенше жағдайлар министрінің Павлодар облысының халқымен кездесуі өткізілмейді, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінде.
Еске салайық, Абай облысындағы өрттер мен орманшылардың қазасына байланысты 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланған болатын.
Өртті жоюға көмектесу үшін облысқа Павлодардан техника мен мамандар жіберілді.