Әли мен Асылым. Павлодар облысында «хит» есімдер аталды
Былтыр туу туралы 8735 куәлік берілген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ресми мәліметтермен «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өңірдері филиалының мамандары бөлісті.
Бала туу көрсеткіші бойынша Павлодар ауданы көш бастап тұр. Өткен жылы 1090 ұл-қыз дүние есігін ашты. Ал облыс орталығында 3352 нәресте туды.
Танымал есімдердің тізімі осындай:
- Ислам – Айлин;
- Алан – Медина;
- Арлан – Томирис;
- Әли – Асылым;
- Әлихан – Айша;
- Әмір – София;
- Кәрім – Әмина;
- Имран – Айару;
- Әлтайыр – Раяна;
- Мүслім – Мариям;
- Матвей – Аяла;
- Әлім – Ясмина;
- Мұхаммад – Сафия;
- Мирон – Айзере;
- Омар – Ева.
Былтыр өңірде 4457 неке тіркеліп. Шаңырақ көтергендердің ең жасы 16-да болса, ең ересегі 67 жастағы павлодарлық болып шықты.