MOLODOY павлодарлықтарды Ertis Cup турниріне шақырды

MOLODOY павлодарлықтарды Ertis Cup турниріне шақырды
Фото: @danil.molodoy_

Қазақстанның танымал киберспортшысы турнир қатысушыларына бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ол павлодарлықтарды 25-26 шілде күндері өтетін жарысқа қатысып, өз күштерін сынауға шақырды.

– Баршаңызға сәлем! Қала күніне орай 25-26 шілдеде Павлодарда Counter-Strike бойынша ауқымды Ertis Cup 2026 турнирі өтеді. Шоу-матчтар мен гранд-финал үлкен сахнада ұйымдастырылады. Тіркеліп, қатысыңыздар. Баршаңызға сәттілік! Алға, Қазақстан! – деді Данил Голубенко.

Айта кетейік, өткен жылы HLTV нұсқасы бойынша Данил Голубенко әлемнің үздік алты ойыншысының қатарына енді. Оның жетістігі қазақстандық киберспортшылардың халықаралық деңгейде табысқа жете алатынын көрсетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)