Асайын Байханов павлодарлық «Вояж» театырының өтінішіне жауап берді
Өнерпаздар әкімнен үлкен сахналарда өнер көрсетуге мүмкіндік сұрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Вояж» театрының әуесқойлары Threads желісі арқылы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа үндеу жолдады. Олар шығармашылық ұжымға «Шаңырақта немесе кез келген басқа сахнада» бір күн өнер көрсетуге жағдай жасауды өтінген.
Өтінішке өңір басшысы жауап беріп, концерт көрермендер үшін тегін болған жағдайда зал ұсынуға болатынын айтты.
– Егер концерт көрермендер үшін ақылы болса, концерт залын тегін ұсына алмаймыз. Ал егер концерт тегін болса, онда бұл мүмкін, – деді Асайын Байханов.
Әкімнің жауабынан кейін желі қолданушыларының бірі «Павлодарға барғым келіп тұрған сияқты» деп пікір қалдырды.
Асайын Байханов оған әзілмен жауап берді.
– «Павлодарға барғым келіп тұрған сияқты» деген не? Жоқ, бұлай болмайды, – деп жазды облыс әкімі.
Театр өкілі де ұсынысты қолдап, Павлодарға келуге дайын екенін жеткізді.
– Иә, бәрі дұрыс! Бізге келу керек, – деп жазды ол.
Осылайша, ұжымның қалада өнер көрсетуі концерт тегін өткізілген жағдайда мүмкін болмақ.