Павлодарлықтар ХҚКО-ның жұмысына қатысты сұрақтарын қоя алады
Облыс тұрғындары сұрақтарына жауапты интернет-конференцияда алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 тамыз күні сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді.
Барлық сұрақтарға «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ облыстық филиалының бақылау және сапа басқармасының басшысы Анатолий Бахтин және департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Асет Байманқұлов жауап береді.
Сұрақтарды ресми жазбаның астында қалдыруға болады.