Тас жол, жарықтандыру, футбол алаңы: Май ауданының ауылы көркеюде
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Малайсары ауылдық окургінде қыруар жұмыс атқарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Малайсары селолық округінің әкімі Қуаныш Нұргожинның айтуынша, ауылдың кіреберісіне жарықтандыру жүргізілген. Алдағы уақытта ауылдың ішіне тас жол салу мақсатында 85 миллион теңге бөлінген.
– Малайсары мектебінде күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. 235 миллион теңгеге жылу жүйесі ауыстылады. Жергілікті тұрғындар да ауылдың көркейе түсуіне өз үлестерін қосуда. 1975 жылы туған ауыл тұрғындары ауылдың кіре берісіне стелла орнатты, –дейді Қуаныш Нұрғожин.
Сондай-ақ, демеушілердің қолдауымен 20 миллион теңгеге шағын футбол алаңы салынған. Ауыл ішіне 6 бейнежазба камерасы орнатылған және қосымша 10 камера орнату жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Май ауданының Майтүбек ауылында 35 жылға жуық жөнделмеген ғимарат жаңартылады. Жөндеуге 81 миллион теңге бөлінді. Бүгінде жұмыстардың 85%-ы орындалды.