Павлодар облысында интимдік қызмет көрсеткен боди-массаж салонының иелері жазаланды
Екі тұрғын жезөкшелікпен айналысуға үй-жайларын ұсынған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Polisia.kz ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, полиция қызметкерлері притондар мен интимдік қызмет көрсететін тұлғаларды ұйымдастыру фактілерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізді. Мекемелер жыныстық қатынас жасау фактілерін анықтау, жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысу үшін көрінеу үй-жайлар беру тұрғысы тексерілді. Нәтижесінде 30-дан астам монша кешендері мен сауналар, 3 дене массажы салоны, 7 қонақ үй және 40-қа жуық жалдамалы пәтер қаралды.
– Облыс орталығының 40 жастағы ер адам мен 35 жастағы әйел Генерал Дүйсенов пен Академик Сәтбаев көшесінде орналасқан өз үй-жайларын жезөкшелікпен айналысуға берген. Фактілерді ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жедел уәкілдері мен учаскелік полиция инспекторлары тоқтатты. Үй иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, сот әрқайсысына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салды, – деді хабарлады Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Полицияға интимдік қызмет көрсеткені үшін 35 адам, қоғамдық орында адамға тиіскені үшін 17 адам, жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай ұсынғаны үшін 2 азамат жеткізілді. Сонымен қатар 19 адам есепке алынды, оның ішінде 1 транссексуал. Мысалы, Павлодар қаласының қабылдағыш-дистрибьюторына 2021 жылы Өзбекстан Республикасынан келген 33 және 38 жастағы екі қыз орналастырылды, полиция тексеру жүргізіп жатыр.