Павлодар облысында борышкерлер анықталады

Павлодар облысында борышкерлер анықталады
Фото: Константин Шелков

26-29 наурыз аралығында «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш жұмыс жазаның бұлтартпаушылық қағидатын, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған. 

Бұл күндері оларға айыппұлдарды мәжбүрлеп орындаудың қажетті шараларын қолдана отырып, борышкерлерді анықтау бойынша қызмет жүргізіледі.

– Полиция қызметкерлері прокуратурамен және жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп, тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша борышкерлерге бару арқылы әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуға бағытталған бірқатар іс-шараларды өткізеді, – дейді Павлодар облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Борис Әлімбаев.

Оның айтуынша, полиция жол жүру ережелерін бұзуға және одан кейінгі әкімшілік жауапкершілікке айыппұл түрінде жол бермеуді ұсынады. 

Сондай-ақ, онлайн режимінде «Еgov.kz» электрондық үкімет порталының көмегімен, екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде және мобильді қосымшалардағы  «qamqor.gov.kz», «Kaspi.KZ» онлайн-төлем интернет-сайттары арқылы қарыздардың бар-жоғын тексеріп төлеуге болады.

Айта кетейік, интернет-сайт арқылы айыппұлдарды тексеру кезінде Сіз «айыппұлдарыңыз туралы біліңіз» деген бетбелгіге кіресіз. Кейін көлік иесінің ЖСН енгізесіз. Егер фото-бейнетіркеу жүйелерінде тіркелген бұзушылықтар болса, осы бұзушылықтардың фотосуреттерін сол жерде басып шығаруға болады.