Тұрғын үй кезегінде тұрған павлодарлықтарды алаяқтар туралы ескертеді
Алаяқтар азаматтарға WhatsApp мессенджері арқылы жазуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезектілік тәртібімен ғана беріледі.
– Алаяқтар мекеме басшысы Кенжегүл Жолжақсинованың атынан WhatsApp мессенджері бойынша +7(700)330-12-05, +7(778)877-68-25 осы нөмірлерден және де басқа нөмірлерден хат жіберіп, азаматтардан Павлодар қаласында тұрғын үйге берілген өтінім туралы және оның қаралғаны жайлы сұрайды. Сондай-ақ, олар фотосурет жасап, оларды жіберуді және аталған мекенжайға баруды сұрайды, – деп ескертеді ведомствода.
Алаяқтықты болдырмау үшін тұрғын үй кезегіндегілер ақпаратты келесі мекенжай бойынша нақтылай алады: Кривенко көшесі, 25, 219-кабинет немесе 32-74-48 нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Ведомство азаматтардан қырағы болып, осындай адамдармен байланысқа түспеуді сұрайды.