Павлодар облысында скутерлердің қатысуымен жол апаты жиіледі

Павлодар облысында  скутерлердің қатысуымен жол апаты жиіледі
Фото: Константин Шелков

Жыл басынан бері облыста балалардың қатысуымен 36 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарлық полицейлер жазғы демалыс қарсаңында жол қозғалысы қатысушыларының назарын балалардың қауіпсіздігіне аударады.

– Салдарынан үш бала қаза тауып, 41 бала түрлі жарақат алды. Көбінесе ересектер баланың көз алдында жол ережелерін бұзады. Күн сайын балаларға жол ережелерін және жолдан өту кезінде жолдың жанында мұқият болу қажеттілігін айтып отыруға кеңес береміз, – деді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Тәртіп сақшысы оқиғалардың 70 пайызында  жаяу жүргіншілер әрі ЖКО-ға кінәлі ретінде балалар жарақат алатынын атап өтті. Ал, соңғы уақытта кәмелетке толмаған жүргізушілер болып табылатын мотоциклдер мен скутерлердің қатысуымен өңір жолдарындағы оқиғалар жиілеп кеткен.

– Өз жасына байланысты жасөспірімдер өздерінің эмоцияларын басқара алмайды, драйвқа көбірек сүйенеді, жылдамдық режимін сақтай алмайды. Мұның бәрі ауыр зардаптарға әкеледі, – деді Қуаныш Мұстафинов. 

Павлодар облысының полицейлері балаларды тасымалдау кезінде балаларды ұстау құралдарын қолдану, жаяу жүргіншілер өткелдерінің алдында және қиылыстарда жылдамдықты төмендету, тұрғын үйлердің аулаларында қозғалысқа ерекше назар аудару ережелерін ұстануды есте сақтау керек екенін ескертеді.