Қысқы дрифт: демалыс күндері Павлодарда қандай спорттық шаралар өтеді?

Қысқы дрифт: демалыс күндері Павлодарда қандай спорттық шаралар өтеді?
Фото: Константин Шелков

Тұрғындар бос уақытты пайдамен өткізе алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәліметінше, 13-14 қаңтарда бірқатар спорттық іс-шаралар жоспарланған.

13 қаңтарда Орталық стадионда Президенттік тестілеу өтеді. Сағат 10:00-де қала тұрғындары арасында президенттік тесттер бойынша қалалық чемпионаты өтпекші.

Таңғы сағат 10-да Шахмат үйінде ардагерлер арасында «64» дойбыдан ашық қалалық біріншілігі ұйымдастырылады.

Ал 18:30-да «Манеж» орталық стадионда ардагерлер арасында жеңіл атлетикадан ашық қалалық чемпионат болады.

14 қаңтарда Усолка өзенінің маңында қысқы дрифт бойынша жарыс өтеді ұйымдастырылады. Ол сағат 12:00-де басталады.