Павлодар облысы ет өндірісі бойынша көшбасшы бестікте
Елімізде ет және ет өнімдерін тұтыну 2%-ға өсті, бірақ аталған өнімге ақшалай шығыстар бірден 13%-ға артты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында елімізде 27,2 мың тонна ірі қара мал еті өндірілді. Шошқа, қой, ешкі және жылқы жануарларының жаңа немесе салқындатылған еті өткен жылмен салыстырғанда 11,4%-ға артық шығарылған.
– Басқа өңірлермен салыстырғанда ет өндірісі бойынша Ақтөбе облысы алдыңғы қатарда: 4,8 мың тонна, жылына қосымша 24,9%. Көшбасшы аймақтардың бестігіне Қостанай (4 мың тонна), Солтүстік Қазақстан (3,7 мың тонна), Павлодар (3,6 мың тонна) және Ақмола (2,5 мың тонна) облыстары енді, – дейді сарапшылар.
Ағымдағы жылдың 1 мамырында Қазақстанда 5 млн бас ірі қара мал тіркелген. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 4,3%-ға артық. Оның ішінде сиырлардың саны 2,3 мың бас болды, жылына қосымша 9,1%.
Елімізде қой (10%-ға, 13,7 млн басқа дейін), түйе (9%-ға, 162,9 мың басқа дейін), жылқы (5,5%-ға, 2,8 млн басқа дейін) және құс саны (0,8%-ға, 37,6 мың басқа дейін) өсті.
2023 жылы елімізде ет және ет өнімдерін тұтыну жан басына шаққанда орташа есеппен 80,1 кг құрады. Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға артық. Дәстүрлі түрде сиыр еті сұранысқа ие болып қала берді: 2023 жылы бір адам 24,7 кг тұтынған, жылына 3,8%. Одан кейінгі орында жылқы еті (жан басына шаққанда 6,7 кг), қой еті (5,3 кг).