Павлодарда жаңбыр суын сорғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Павлодарда жаңбыр суын сорғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Облыстық ТЖД күштері мен құралдары жаңбыр суын сорғызу жұмыстарын жүргізіп жатыр, хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

7 шілдеде жауған қатты жауын-шашын салдарынан қала көшелері мен аулаларды су басқан болатын.

Еске сала кетейік, кеше 5237 тұтынушы электр қуатынсыз қалды. Оның ішінде 4986 жеке тұлғалар болса, 251-і заңды тұлғалар. Қолайсыз ауа райы салдарынан бес бағдаршам істен шығып, ағаштар құлаған болатын.