Екібастұзда зират маңынан ер адамның денесі табылды

Екібастұзда зират маңынан ер адамның денесі табылды
Фото: Константин Шелков

Бұл туралы ақпаратты Vita  еріктілері  жариялады, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

24 сәуір күні Қ. Нұралин көшесіндегі ескі зираттың сыртында адамның қаңқалы  денесі табылды. Еріктілер табылған адамның жеке басын анықтау мақсатында ер адамның үстінде болған киімнің суреттері мен сипаттамасын жариялады.

– Бәлкім оны туыстары іздеуі мүмкін.  Ер адамның үстінде «Adidas»  фирмасының көк түсті футболкасы және «Челси» футбол командасының эмблемасы, Nike фирмасының эмблемасы бар қара түсті спорттық трико, сұр жолақтары бар қара түсті  жолақтары бар  кофта, қара түсті шұлықтар болған, – дейді еріктілер. 

Егер бұл адамның кім болуы мүмкін екенін білген жандар болса, көрсетілген нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды. +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана) немесе 102 қызметі.