Павлодар облысында жедел уәкіл ұрланған табынды ішкі істер бөліміне айдап әкелді

Павлодар облысында жедел уәкіл ұрланған табынды ішкі істер бөліміне айдап әкелді
Фото: Константин Шелков

Қарақшылар ұрланған жылқылардың бір бөлігін сойып үлгерген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1995 жылдың қазан айының соңында Павлодар ауданы ауылдарының бірінде 120 бас жылқы ұрланған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында жылқылар жақын маңдағы бірнеше елді мекендерден табылған. Ұрланған жылқылардың бір бөлігін мал ұрлаушылар етке сойып үлгерген. Жедел ақпарат бойынша тағы 20 жылқы облыс орталығының Ленин көшесіндегі үйлердің бірінде болған.

– Таңертең мекенжайға келіп, байланған жылқыларды көрдім. Дереу жедел тергеу тобын күтпестен, жылқылардың біріне мініп, табынды сол кезде Карл Маркс көшесінде орналасқан аудандық ішкі істер бөлімінің ауласына айдап әкелдім. Әріптестерім таңертең жұмысқа келгенде өз көздеріне сенбеді, – дейді Александр Зеленский.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, көшпелі сот отырысы ауылда қылмыс жасалған жерде өтті. Қылмыскерлер заң бойынша белгіленген мерзімге жазаланды. 

Отставкадағы милиция майоры Александр Зеленский 1979 жылы Павлодар ауданының ІІБ-да қылмыстық іздестіру бойынша қарапайым жүргізушісі қызметіне келіп түскен. Еңбек жолын қарапайым жүргізушіден бастап, аға жедел уәкіл болған. Құрметті  демалысқа 1997 жылы шықты. Бүгінде полиция ардагері «Ақ сұңқар Секьюрити» ЖШС күзет қызметінің бастығы болып еңбек етеді. Бос уақытында спортпен шұғылданады, сүйікті спорт түрі – бокспен айналысады.