Екібастұзда бес жасар бала терезеден құлап кетті
Бүлдіршіннің жағдайы тұрақты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің мәліметінше, 18 қыркүйек күні сағат 15.00-де үшінші қабаттағы терезеден бес жасар бала құлап кеткен.
– Жедел жәрдем бригадасы кәмелетке толмаған баланы Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін баланың жағдайы тұрақты деп бағаланады. Емдеу толық көлемде жүргізіледі, – деп жазылған хабарламада.
Ведомство білім беру ұйымдарының басшыларымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, зардап шеккен бала Екібастұз қалалық ауруханасының травматологиялық бөлімшесіне жатқызылған. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланады, бас сүйек миының жабық жарақаты, мидың шайқалуы, көгерулер тіркелді.
2024 жылдың басынан бастап кәмелетке толмаған балалардың терезеден құлауына байланысты 12 жағдай тіркелді, оның алтауы – Павлодар қаласында, төртеуі – Екібастұзда және екеуі Ақсу қаласында орын алды.