Павлодар облысында қарулы ұрылар қолға түсті

Павлодар облысында қарулы ұрылар қолға түсті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңгеден асады,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оқиға Баянауыл ауданындағы жазғы жайылымдардың бірінде ер адам мылтықты пайдаланып, аудан аумағындағы ЖШС-лардың біріне тиесілі екі бас ірі қара малды ұрлаған.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс құралы тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, – деді Баянауыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Ауғалиев.

Ведомствоның мәліметінше, тәртіп сақшылары әрбір осындай дерек бойынша кінәлі тұлғаларды анықтау, оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту және ұрланған мүлікті қайтару бағытында тиісті шаралар қабылдайды. Тергеу полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.

Құқық қорғау органдары тұрғындарға малды жайылымда қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді. Үй жануарларына міндетті түрде сырға тағып, түнгі уақытта жабық қора-жайларда ұстауды қамтамасыз етуге кеңес береді.