Екібастұзда сауда үйінің жанында көлік өртенді

Екібастұзда сауда үйінің жанында көлік өртенді

Көліктің қозғалтқыш бөлігінде резеңке бұйымдар жанған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 5 сәуір күні сағат 11:47-де Екібастұз қаласында «MaxiMall» және «Болашақ» сауда үйлерінің арасында автокөлік өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

- Өрт сөндірушілер барған кезде Әуезов көшесі, 47 мекенжайында ашық жерде 1991 жылы шыққан «Volkswagen Passat»  автокөлігінің жанып жатқаны анықталды. Автокөліктің қозғалтқыш бөлігінде резеңке бұйымдар өртенген, - деді департаментте. 

Өрт 2 шаршы метр аумақты қамтыды. Өрт сағат 12:01-де жойылды. Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от VITALIY FOMINOV | Экибас в Теме ???? (@ekibasvteme)

Фото: облыстық ТЖД