Павлодар облысында зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Павлодар облысында зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмағанды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Сондай-ақ, осы адамдардың кәмелетке толмаған адамға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері фактісі бойынша тергеу басталды.

– Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Тергеу Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, – дейді департаментте.

Еске сала кетейік, кәмелетке толмаған колледж студентіне қатысты зорлық-зомбылықты сотқа дейінгі тергеу барысында құқық қорғау органдары қыз баланың мектепте оқитын үлкен ағасына да қатысты зорлық-зомбылық фактісін анықтады.