Павлодарда қызыл шамға өтіп кеткен жүргізуші ұсталды

Павлодарда қызыл шамға өтіп кеткен жүргізуші ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оның жүргізуші куәлігі болмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Назарбаев көшесі, 92 мекенжайында бағдаршамның қызыл жарығына өтіп бара жатқан  «Audi 80» маркалы автокөлікті байқаған. Полицейлер көлікті Назарбаев көшесі, 65 мекенжайы бойында тоқтатты. 

– Құжаттарды тексеру және жүргізушінің жеке басын анықтау кезінде ер адамның жүргізуші куәлігі болмағаны және мас күйінде рөлге отырғаны анықталды. 36 920 теңге көлемінде айыппұл салынып, 20 тәулікке қамауға алынды, – деп департаментте.

Павлодар облысының полиция департаменті жүргізушінің есірткі немесе алкоголь ішіп, көлікті жүргізгенін байқаған жағдайда 102 телефоны арқылы хабарлауға шақырады.