Павлодар облысында кәмелетке толмаған ер бала мен қызды зорлады

Павлодар облысында кәмелетке толмаған ер бала мен қызды зорлады
Фото:pixabay.com

Олар – бір отбасының мүшелері, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, кәмелетке толмаған колледж студентіне қатысты зорлық-зомбылықты сотқа дейінгі тергеу барысында құқық қорғау органдары қыз баланың мектепте оқитын үлкен ағасына да қатысты зорлық-зомбылық фактісін анықтады. 

– Аудандардың бірінде кәмелетке толмаған екі балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша жәбірленушілерге толық көлемде, оның ішінде психологиялық көмек көрсетілетінін хабарлаймын, – деді бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенова.

Оның сөзінше, екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.