Павлодар облысында өңірлік кадр резервіне қатысуға құжаттар қабылдау аяқталды
Кадр резервіне 150-ден астам тұрғын іріктелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірлік кадр резерві – әр өңірде талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылардың тобын қалыптастыруға бағытталған жоба.
1 наурызда жоба іске қосылған уақыттан бастап onir.pkrezerv.gov.kz ресми сайтында Павлодар облысы бойынша 230 адам тіркелген. Оның ішінде талап етілетін құжаттарды толық ұсынған 151 қатысушы заңнаманы білуге арналған тестілеуге жіберілді.
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу құжаттарды қабылдау, заңнаманы білуге тестілеу және жеке қасиеттерді бағалау, құзыреттерді бағалау, құрылымдық сұхбат, өңірлік кадр комиссиясының отырысы сынды бес кезеңнен тұрады. Келесі кезең 5-14 сәуір аралығында өтеді.
Кезең екі блоктан тұрады: заңнаманы білуге тестілеу және жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу. Тестілеу ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және оның филиалдары базасында офлайн форматта өтеді.
Толық ақпарат алу үшін үміткерлер Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаментіне 8 (701) 817 62 46, 208-335 байланыс телефондары арқылы хабарласа алады.