Екібастұзда ең әдемі киіз үйлер үшін марапат беріледі

Екібастұзда ең әдемі киіз үйлер үшін марапат беріледі
Фото: Константин Шелков

Байқауға кез келген кәсіпкер қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласының кәсіпкерлік бөлімі «Шағын және орта бизнес объектілерінің ғимараттары мен іргелес аумақтарының қасбеттерін үздік ресімдеу» конкурсына қатысуға 2024 жылғы 18 наурызға дейін өтінімдер қабылдайды. Сондай-ақ Екібастұз қаласы әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің gu_pred@mail.ru электрондық мекенжайына жіберуге болады. Қосымша ақпаратты (87187) 347248, 347258 байланыс нөмірлері арқылы білуге болады.

Конкурс келесі критерийлер бойынша өткізіледі:

  • сыртқы жарықпен безендіру (ғимараттың қасбеті, терезелер), іргелес аумақты безендіру;
  • іргелес аумақты ұлттық стильдегі атрибуттармен және нышандармен көркемдік безендіру, шағын сәулеттік нысандарды, фигураларды, кейіпкерлерді орналастыру;
  • жаңа идеяларды, технологияларды мерекелік нысанда қолдану;
  • өзіндік ерекшелігі, эстетикасы;
  • ұлттық спорт ойындарын ұйымдастыру, ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді көрсету;
  • ұлттық билер, аспаптық нөмірлер және спорттық жарыстар.

Бағалау нәтижелері бойынша қазылар алқасы үш жүлделі орынды анықтайды. Байқау жеңімпаздарына ақшалай сыйақы беріледі.  «Орта бизнес кәсіпорындарының ғимараттары мен іргелес аумақтарының қасбеттерін үздік безендіру» аталымы бойынша 1-орынға – 200 мың теңге, 2-орынға – 150 мың теңге, 3-орынға 100 мың теңге беріледі.

«Шағын бизнес кәсіпорындарының ғимараттары мен іргелес аумақтарының қасбеттерін үздік безендіру» аталымы бойынша 1-орынға – 150 мың теңге, 2-орынға – 100 мың теңге, 3-орынға 50 мың теңге қарастырылған.

Комиссия шешімі бойынша конкурсқа белсенді қатысқаны үшін ынталандыру жүлдесі – 30 000 теңге.

Қорытындыларды конкурстық комиссия 2024 жылғы 22 наурызда шығарады. Шешім хаттама түрінде ресімделіп, ашық дауыс беру жолымен конкурстық комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.

Байқау жеңімпаздары 2024 жылдың 22 наурызында марапатталады.