Павлодар мен Ақсу қаласының оқушылары түстен кейін де үйден сабақ оқиды

Павлодар мен Ақсу қаласының оқушылары түстен кейін де үйден сабақ оқиды
Фото: Константин Шелков

Олардың сабақтары көктайғақтың салдарына қашықтық форматына ауыстырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің хабарлауынша, 2-ауысымдағы мектепалды, 1-9 сынып оқушыларының сабақтары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Бұған ауа райының қолайсыздығы, яғни қатты көктайғақ себепші болды.

Сондай-ақ, Ақсу қаласында да оқушылар онлайн форматта оқитын болады. Ақсу қаласының білім беру бөлімінің мәліметінше,  оқушылар үшін олимпиада конкурстары өткізілмейтін болады. Мектепке дейін тасымалдау тоқтатылады.

Ал, Екібастұзда оқушылар үшін сабақ дәстүрлі түрде өтетін болады.