Павлодарлықтар тамызда қанша күн демалады?

Павлодарлықтар тамызда қанша күн демалады?
Фото:pixabay.com

Жаздың соңғы айында мемлекеттік мереке атап өтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

eGov.kz сайтында жарияланған 2024 жылға арналған мерекелер күнтізбесі бойынша, 30 тамыз – Конституция күніне орай демалыс белгіленген. Биылғы жылы 30 тамыз жұма күніне келіп тұр. Сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек күндері демалады. Ал алты күн жұмыс істейтіндер 30 тамызда демалып, 31 тамызда жұмыс істейді, 1 қыркүйекте демалады. 

Ал 3, 4, 10, 11, 17, 18, 24, 25 тамыз күндері – демалыс.