Павлодарда стоматологиялық емхананың бизнес-жобасы табысты іске асырылды

Павлодарда стоматологиялық емхананың бизнес-жобасы табысты іске асырылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстық кәсіпкерлер палатасына қалалық стоматологиялық емхана директоры алғыс хат жолдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Медициналық ұйымның басшысы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбеновке бизнес-идеяларды жүзеге асыруға көмектескені үшін алғыс білдірді.

– Біз кеңесші-менеджер Наталья Кучерукқа кәсіби тұрғыда атқарған жұмысы үшін жеке алғысымызды білдіреміз. Кеңесші-менеджер барлық кезеңде – техникалық тапсырманы толтырудан бастап, дайын бизнес-жоспарға толықтырулар енгізгенге дейін бізге сауатты кеңес беріп, біз үшін күрделі мәселелерді шешуге көмектесті. Жоба қысқа мерзімде сәтті қаржыландырылып, іске асырылғанын атап өткіміз келеді, –  деп жазды қалалық стоматологиялық емханананың директоры Алла Деркач.

Директор  бизнес-жоспарлы әзірлеу бойынша көмекті өткен айда, яғни қыркүйекте сұраған.