Павлодар облысының әкімі кадр мәселесі жайлы: «Бөлінбеу керек»

Павлодар облысының әкімі кадр мәселесі жайлы: «Бөлінбеу керек»
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аймақ басшысы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған баспасөз конференциясында сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі Бек Төлеуов Асайын Байхановқа жергілікті органдар ішінде кадр тапшылығы мәселесінің бар-жоғын сұрады. Тілшінің пайымдауынша, соңғы кездері спорт және ішкі саясат басқармаларына Астанадан кадрлар келген.  

– Біз Астана немесе Павлодар деп ешқашан бөлмейміз. Бәріміз біртұтас елміз. Тұтас ел болу үшін бөлінбеу керек. Менің ойымша, орталықтан тартылған азаматтар өзінің тәжірибесін, жақсы ықпалын береді, – деді облыс әкімі

Асайын Байхановтың сөзінше, жергілікті кадрлар аз емес, алайда оларды үйрету үшін уақыт керек. Аймақ басшысы тек Астана емес, басқа қалалардан да кадрлар шақырылатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, баспасөз конференциясында өңір экономикалық өсімнің жоғары деңгейін көрсетіп отырғанын айтқан болатын.