Павлодарда өрт шыққан пәтерде ер адам уланып қала жаздады

Павлодарда өрт шыққан пәтерде ер адам уланып қала жаздады
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол құтқарушылардың арқасында аман қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, 9 наурызда 10:56-да Лермонтов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

– Жалпы ауданы 0,1 шаршы метр аумағында матрац жанған.  ТЖД күштерімен 53 жастағы пәтер иесі құтқарылды. Жану өнімдерімен уланған ер адам ауруханаға жеткізілді,– деді 1-МӨСБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Нұрлан Тұмайкенов.  

Өрт сағат 11:16-да толықтай сөндірілді. Оқиға орнында барлығы 18 адам және 7 техника, сондай-ақ жедел құтқару жасағы мен апаттар медицина бригадасының қызметкерлері жұмыс істеді. Өрттің себебі мен келтірілген залалы анықталуда.