Павлодарлық еріктілер құдыққа құлаған итті құтқарды

Павлодарлық еріктілер құдыққа құлаған итті құтқарды

Ол байланыс құдығының түбінде үш күн бойы жатқан, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Осы уақыт ішінде жақын маңдағы үйлердің тұрғындары оған тамақ тасып, берген. Алайды тұрғындар итті құдықтан шақыруға жүрексінген.

Бірнеше күн өткеннн кейін "Сердца Павлодар" қорына қоңырау шалған. Бірақ ол кезде үй жануары әлсіреп қалған.

Құтқару сәтін еріктілер видеоға түсіріп, оны Instagram-да жариялады.

- Бізге қоңырау келіп түсті. Онда иттің құдықта үш күн жатқанын хабарлады. Біз шұғыл түрде оны құтқаруға бел будық. Оның жағдайы нашар еді , - деді "Сердца Павлодар" қоғамдық қорының жанындағы жараланған қаңғыбас жануарларды оңалту орталығының жетекшісі Мария Гребенкина.

Қазір еріктілер құтқарылған итке жаңа үй мен қожайын іздестіруде.