Павлодарда 80-нен астам қар шығаруға арналған арнайы техника жұмыс істеуде

Павлодарда 80-нен астам қар шығаруға арналған арнайы техника жұмыс істеуде

Бұдан бөлек,  200-ден астам адам қала көшелерін қардан тазалауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, арнайы техникалар мен жұмысшылар бүгіннен бастап қала көшелерін қардан тазартуға кірісті.

- Қала көшелерінде 80-нен астам арнайы техника, тиегіштер, қар шығаруға арналған жүк көліктері жұмыс істеуде. Сонымен қатар,  200-ден астам адам жолдардың жиектерін, аялдама павильондарын және жаяу жүргіншілер өткелдерін тазалауға жұмылдырылған,- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жеке тұрғын үй секторларын су басуын жол бермеу мақсатында коммуналдық қызметтер жеке секторды да қардан тазарту жұмыстарын жүргізуде.

Қыс маусымы басталғаннан бері полигонға 490 000 мың тоннадан астам қар шығарылды. Қар мен мұзды тазалау жұмыстары әлі де жалғасатын болады.