Екібастұздан жаңа туған нәресте облыс орталығына жеткізілді

Екібастұздан жаңа туған нәресте облыс орталығына жеткізілді
Фото: Константин Шелков

Сәбиге шұғыл медициналық көмек қажет болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, нәресте бүгін дүние есігін ашқан.

 — ТЖМ «Қазавиақұтқару» экипажы медициналық авиацияның мобильді бригадасымен бірлесіп, жаңа туған қыз баланы Екібастұздан Павлодарға жедел түрде тасымалдады. Бүгін дүниеге келген нәрестеге шұғыл медициналық көмек қажет болғандықтан, оны әуе көлігімен жедел эвакуациялау туралы шешім қабылданды, — делінген хабарламада.

Санитарлық авиация мамандары мен тікұшақ экипажының үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында бала қысқа уақыт ішінде медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі уақытта сәби дәрігерлердің бақылауында.