Павлодарлық тұрғын есірткі қылмысы үшін сотталды
Оның жасы небәрі 19-да, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 жасар павлодарлық соңғы жылдары құмар ойындар ойнап, қарызға белшесінен батқаннан кейін жұмыс іздей бастаған. Жігіт сайт арқылы оңай әрі табысты жұмыс тапқан.
Ер адамды полиция қызметкерлері есірткі қаптамаларын сатуға тырысқанда ұстаған. Күдіктіні тексеру кезінде күртешенің қалтасынан 18 грамнан астам психотроптық зат тәркіленді.
Есірткі қылмысы үшін ер адам сот үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.