Павлодар облысында шомылу маусымы кезінде сегіз адам өлім аузынан аман қалды

Павлодар облысында шомылу маусымы кезінде сегіз адам өлім аузынан аман қалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оның ішінде бір бала болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысында шомылу маусымы ресми түрде жабылды. Шомылу кезеңі 1 маусымда ашылған болатын. Маусым бойы 39 ресми жағажай жұмыс істеді. Тәулік бойы ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кезекшілік етті.

– Судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін Павлодар облысының 378 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен бір жарым миллион теңгені құрады,– деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде. – Жедел құтқару жасағының қызметкерлері және мейрімді тұрғындармен бірге судан сегіз адам құтқарды, оның ішінде бір бала болды.

Шомылу маусымында үлкен ақпараттық және профилактикалық жұмыстар атқарылды. Департамент қызметкерлері еріктілермен, полиция және білім беру қызметкерлерімен бірлесіп 6 800-ден астам рейд жүргізді. 

Қазір жағажайлардағы құтқару бекеттері жабық. Жағажайларға қойылған жабдықтар жартылай алынды. Маусымнан тыс жағажайларда суға түсетін азаматтарға айыппұл салынады. Шомылу маусымы аяқталғанына қарамастан, ТЖД қызметкерлері су объектілерін жоспарлы түрде патрульдеуді жалғастыруда.