Павлодарда астық кептіру қондырғысы өртенді
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіптік аймағында орналасқан кәсіпорындардың бірінде астық кептіру қондырғысы өртенді. Өрт туралы хабарлама «101» пультіне түскен.
Павлодар облысының ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, өртті қысқа мерзімде сөндірді.
– Жалын шарпыған аумақ 1,5 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ, – деді департаментте.
Мамандар кәсіпорын иелеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды ескертеді. Атап айтқанда, кептіру камераларын шаң мен өндірістік қалдықтардан уақтылы тазалау, желдету жүйелері мен сүзгілердің жарамдылығын бақылау, сондай-ақ температураның шамадан тыс көтерілуін анықтайтын датчиктерді орнату маңызды.