Павлодарда колледж студенті жарақат алды

Павлодарда колледж студенті жарақат алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстық полиция департаменті колледж студентіне қатысты болған оқиға бойынша ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Департаменттің хабарлауынша, қылмыстық іс қозғалған, ал оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, колледждің кәмелетке толмаған студенті өзіне білек тұсында дене жарақатын келтірген.

– Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды. Зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілген. Жарақат салу құралы тәркіленді. Басқа адамдардың зардап шеккені туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, – деді департаментте. 

ҚР Қылмыстық істер жөніндегі заңнаманың 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.