Павлодарда көлік тізгіндеген әйел асханаға соғылды
Көлік айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қазан күні сағат 17:00 шамасында «Mitsubishi Lancer» көлігінің жүргізушісі Мәшһүр Жүсіп көшесі, 21/1 мекенжайында орналасқан мекеменің қабырғасына соғылған.
– Бүгінгі таңда аталмыш оқиғадағы көлік айып тұрағына қойылды. Тергеу жүргізілуде, – дейді департаментте.
Еске сала кетейік, бұған дейін жеңіл көлік пен автобус қақтығысқан. Оқиға салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді.