Павлодарда балалар ойын арқылы қауіпсіздік ережелерін меңгерді
«Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы «Қауіпсіздік» квест-ойынын өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мақсаты – жолда, жаяу жүргіншілер өткелінде қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздерін білу, жол қозғалысы ережелерін сақтау. Оған қаланың № 46, 41, 18 жалпы білім беретін мектептері және Жетекші ЖОМ бастауыш мектеп жасындағы 30-дан астам оқушысы қатысты.
– Квест-ойын бес станциядан тұрды, онда командалар тапсырмаларды орындап, ойын және практикалық тапсырмалар арқылы «қауіпсіз» деген соңғы сөзге әріптер алды, – дейді «Жалын» филиалының меңгерушісі Индира Баужанова.
Қатысушылар «Жаяу жүргіншілер» станциясындағы ойындарға қатысты, жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру мақсатында жол қозғалысы ережелерін қайталады. Мәселен, «От жағу» станциясында өрт қауіпсіздігі бойынша мозаикаларды жинады және шартты өртті сөндіруді, өрт қызметінің шақыру нөмірін қаншалықты білетіндіктерін көрсетті.
«Шығармашылық» станциясында - полиция формасының керек-жарақтарын қағаздан жасап, оларды бояды.
«Эмодзи» станциясында әртүрлі жағдайлары бар суреттерде қауіпсіз әрекеттер мен қайғылы-қауіпті әрекеттер оң немесе теріс эмодзилермен белгіленді. «Dance» станциясы белсенді демалу және квестті аяқтау мақсатында билеп, көңіл көтерді.
Ойында қатысушылар қауіпсіздік бойынша пайдалы білім алды, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытып, шығармашылық танытты, оқыту мен ойын-сауықты біріктірді.