Павлодарда бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі ұзартылды

Павлодарда бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі ұзартылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Енді құжаттарды 1 сәуірден 31 тамызға дейін тапсыруға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, ата-аналардың және әлеуметтің өтініштеріне байланысты білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Егер бұрын бірінші сыныпқа қабылдау мерзімі 1 сәуірден 1 тамызға дейін жүзеге асырылса, енді баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірі мен 31 тамызы аралығында өтеді, – делінген хабарламада.

Демалыс кезінде ғана мектептен мектепке ауысуға шектеу алынып тасталды. Осылайша, жаңа ережелерге сәйкес, балаларды тұрғылықты жері бойынша оқу жылы ішінде мектептен мектепке ауыстыру мүмкіндігі бар.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау кезеңі 25 тамызда аяқталуына байланысты білім алушылардың өтініштерін оныншы сыныпқа қабылдау мерзімі 15 тамыздан 31 тамызға өзгертілді. Колледжге қабылданбаған білім алушылардың мектептің 10-11 сыныптарында оқуын кедергісіз жалғастыруға мүмкіндігі бар.