Павлодар облысында жаңартылған Мамандықтар атласы іске қосылады

Павлодар облысында жаңартылған Мамандықтар атласы іске қосылады
Константин Шелковтың иллюстративті сурет

Бұл студенттерге қазіргі кезде қажет болатын дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылға қарай халық табысын арттырудың кешенді жоспары аясында өңірлерге экономиканың қажеттіліктерін талдауды тапсырды. Сол себепті 2021 жылы Павлодар облысы алғашқылардың бірі болып «Жаңа кәсіптер мен құзыреттердің өңірлік атласы» жобасын әзірлеу туралы шешім қабылдады.

Форсайт сессияларын ұйымдастыру барысында өңіріміз үшін ең өзекті және жаңа қырық мамандық анықталды:

  • Мобильді аспаз
  • Су ағынымен металды өңдеу бойынша маман
  • Сенімділік менеджері
  • Өндірістік модельдеу маманы
  • Ақылды қосымшалардың инженері
  • SMM менеджері
  • Ақылды үйлерді жобалаушы
  • Коррозияға қарсы материалдар мен жабдықтарды қорғау жөніндегі маман
  • Агроном-эколог
  • 3D модельдеу конструкторы
  • Автоматтандырылған процесс маманы
  • CNC машинасының операторы
  • Электр механикалық бақылау және бақылау аспаптары (бағдарламашы)
  • Болжамдық диагностика инженері
  • Мобильді қосымшалар жөніндегі маман
  • Электрондық бағдарламашы
  • Мобильді қосымшаларды әзірлеу жөніндегі техник (UI/UX)
  • Аниматор-геймфикатор
  • Мемлекеттік қызметтер жөніндегі кеңесші
  • Сандық және нейрондық желі экономикасының маркетологы
  • Композиттер бойынша материалист
  • Металдарды термиялық өңдеу жөніндегі техник
  • Құрылымдық материалдарды өңдеу жөніндегі техник
  • Көмір өңдеу жөніндегі техник
  • Көмірден резеңке, полипропилен, каучук және пластмасса өндіру жөніндегі техник-технолог
  • Агроном
  • Биоэнергетика техникі
  • Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі менеджер
  • Жылдам бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу жөніндегі техник
  • Медициналық аспаптар мен жабдықтардың технигі
  • Прототип жасау жөніндегі техник
  • IT және механикалық жөндеуші
  • Мехатроника технигі
  • Өнеркәсіптік өндіріс механигі/бақылаушы
  • Газдандыру және газбен жабдықтау жөніндегі техник
  • Қалдықтарды және ашық әдіспен өңдеу жөніндегі техник
  • Декоратор – тігін өндірісін қалпына келтіруші
  • Байланысты автоматтандыру жөніндегі маман
  • Шағын бизнесті қаржыландыру

Білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина түсіндіргендей, бұл құзіреттіліктер колледждердегі мамандықтармен байланыстырылғандықтан, жеке мамандықтар ретінде бола алмайды. Мысалы, ауылды дамыту менеджері агрономия мамандығына жатады.

– Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжін мысалға алайық – мұнда үшінші жыл «Сенімділік менеджері» мамандығы бойынша оқыту жүзеге асырылуда. Студенттер сенімділік негіздерін зерттейді, жабдықтың ақауларын жіктеп, болжайды, басқаша айтқанда, жабдықтың жұмысындағы бұзылулар мен ақауларды болжайды. Павлодар технологиялық колледжінде бүгінгі таңда сұранысқа ие мамандықтардың бірі «Мобильді аспазшы» енгізілді. Соңғы курс студенттері тойларға мен банкеттерге тамақ дайындаудың ерекшеліктерін зерттейді. Бұл колледж «Дұрыс тамақтану бойынша маман» курсын да ұсынады, бұл ең өзекті мамандықтардың бірі. Осы маман дұрыс тамақтану мәселелері бойынша кеңес бере алады, –  деді Самал Айтқазина.

Павлодар облысы ірі қала құраушы кәсіпорындары бар өнеркәсіптік аймақ болғандықтан, осындай профиль құрылды.  Атырау, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан келген әріптестер білім беру жобасын жүзеге асыру тәжірибесін жан-жақты зерттеді. Ал кәсіпорындарындар жыл сайын Павлодар колледждерінің оқытушыларымен  тәжірибе алмасуда. 

Жобаны жүзеге асыруда жоғары жетістіктерге жету үшін колледждер «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ, «ТНК КазХром» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты филиалы және «Литон», «ПромМашКомплект» ЖШС «Котлосервис ЭК» ЖШС, «ТКР» ЖШС, «Павлодар ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС, «КазПрофБезопасность» ЖШС, мейрамханалар желісі сияқты студенттердің болашақ жұмыс берушілерімен меморандумға қол қойған.

Атлас енгізілгеннен бері 2021 жылдың күзінен бастап 805 студент жаңа құзыреттерді меңгеріп, диплом алды. Биылғы оқу жылында 34 колледжде сегіз мың студент білім алуда.

«Жаңа мамандықтар атласы» жобасын жүзеге асыру колледждерге еңбек нарығын жаңа форматтағы мамандармен қамтамасыз етуге, кадрларды озық дайындауға, заманауи әлемнің сын-қатерлеріне дайын және қажетті білімі бар түлектерді дайындауға мүмкіндік береді.