Павлодар облысының екі қаласында ерекше балалар тегін кеңес алуға мүмкіндік алады
Жоба келесі жылы іске асырылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аймақта ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған 33 мекеме бар. Соның бірі биыл Павлодарда ашылған аутизм спектрі бұзылған кәмелетке толмағандарға арналған орталық.
2024 жылы Екібастұз бен Ақсу қалаларында инклюзияны қолдауға арналған арнайы кабинеттер ашу жоспарлануда, деп хабарлады облыстық білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина.
– Ерекше балалар саны жыл сайын артып келеді. Ақсу және Май ауданында тұратын ерекше балаларға көмек көрсету үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес алу орталығын ашу қажет, - деді Самал Айтқазина педагогтардың тамыз кеңесінде.
Осылайша, 50 мың бала бір ПМПК келеді.
– Өткен жылдары біз ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған бірқатар жобаларды іске асырдық. Бірақ бұл теңізге тамған тамшыдай ғана болып қалуда, - деді облыс әкімі. - Маған ерекше балалардың ата-аналары жиі жүгінеді және әртүрлі қызықты бастамаларды ұсынады. Біз бұл ұсыныстарды тыңдауымыз керек.
Өңір басшысы барлық ұсыныстарды қарастырып, ең сұранысқа иелерін таңдауды ескертті. Оларды іске асыруға облыс әкімінің гранты беріледі.
Инклюзивті білім беруді дамыту білім беру саласының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Оларға мектепке дейінгі білім де кіреді. Мемлекеттік балабақшалар мен шағын орталықтармен бірге өңірде 13 жекеменшік мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Бұл бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша елдегі көшбасшылықты тұрақты сақтауға мүмкіндік береді.