Павлодар облысында автокөлік ұрлықшыларына ерекше көңіл бөлінеді
Заңды бұзғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 қаңтардан бастап өңірде «Автомобилист» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Мақсаты – автокөлік құралдарын ұрлау мен айдап кетуге қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту.
– Ұрланған автокөлік және қосалқы бөлшектерді анықтау мақсатында гараж кооперативтерін, жеке автокөлік шеберханаларын,ТҚО, автотұрақтар мен автодүкендерді тексеру ұйымдастырылады, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, тәртіп сақшыларымен ұрланған автокөліктерді сату орындарын анықтау, бөлшектеу және көлік құралдарының агрегаттық деректерін өзгерту жұмыстарын жүргізуді анықтау тексерілуде.
Профилактикалық іс-шара 27 қаңтарға дейін жалғасады.