Асайын Байханов өңір тұрғындарын Халықаралық қарттар күнімен құттықтады

Ол ақсқақал, қарияларға жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімі 1 қазан күніне орай жерлестер мен ардақты ардагерлерге құттықтау сөздерін жолдады.
– Жақындарыңыздың аялы алақаны мен жылы сөзі жүректеріңізді жылытып, әр күндеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын! Баршаңызға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, баянды бақыт тілеймін! – деп құттықтады Асайын Байханов.
Ол барша қарияларға алғыс пен құрмет білдіруде.
– Бұл күн — өмірінің әр сәтін ел мен жердің игілігіне арнаған, өнегелі өмірімен өшпес із қалдырған сіздерге деген шексіз құрметтің көрінісі. Сіздердің әр күніңіз - тарихтың бір парағы, әр істеріңіз - ерлікке бергісіз еңбек. Жастықтың жалын шағын ұрпақ болашағына бағыштап, ұлы жолда талмай еңбек еттіңіздер. Сол қажырлы еңбектің, төккен маңдай тердің арқасында бүгінгі бейбіт өмірдің шуағын көріп отырмыз.
Оның айтуынша, үлкен адамдардың ақыл-кеңестері, өмірлік тәжірибелері – ұрпақ үшін шамшырақ. Қарт адамдардан бастау алған асыл қасиеттер – адамгершілік, мейірім, отбасылық құндылықтар – ұрпақ бойына сіңіп, ұлт рухын ұлықтап келеді