Павлодарда стилист дұрыс киім таңдауды үйретеді

Павлодарда стилист дұрыс киім таңдауды үйретеді
Фото: @asel_stylist14

Маман дұрыс гардероб таңдауға көмектеседі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Негізгі және негізгі емес гардероб» тақырыбында стилист-имиджмейкер Әсел Жұмағазиева шеберлік сағатын өткізеді. 

Маман кездесу барысында көрермендерге мінсіз көрінуді үйретіп қана қоймай, гардеробтың барлық мүмкіндіктерін ашады. 

Шеберлік сағаты 30 қаңтар күні сағат 11:00-де Жастар бастамаларын дамыту орталығында ұйымдастырылады.