Павлодарда екі қызды көлік қағып кетті
Екеуі де медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 13 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында Торайғыров-Бұқар жырау көшелерінің қиылыснда жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан екі қызды «Lada Granta» көлігінің иесі қағып кеткен. Салдарынан жарақат алған тұрғындарды жедел жәрдем қызметкерлері алып кеткен. Көлік айып тұрағына қойылды. Тергеу жүргізілуде.
– Сағат 20:06 уақытында шақырту түсті. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына алты минутта жетті. 2000 жылғы қыз №1 қалалық ауруханаға, 2005 жылы туған қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, – дейді жедел жәрдем станциясында.
Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, 2005 жылғы қызда бас миының шайқалуы, желке аймағының гематомасы, тізе жарақаты тіркелді.
Кәмелеттік жасқа толмаған зардап шегуші облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылған.