Екібастұзда медбике жалған дипломмен жұмыс істеген
Ол жұмысқа орналасу кезінде жалған құжатты пайдаланған, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қала тұрғыны Қарағанды облыстық жоғары мейіргер колледжі берген «емдеу ісі» мамандығы бойынша дипломын ұсынған.
– Біз Қазақстан Республикасы ҚК-нің 385-бабы – «құжаттарды қолдан жасау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастадық. Сараптама тағайындалды, – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері полицейлер жалған құжаттардың 59 жағдайын тіркеді.