Павлодарда этномәдени бірлестіктер Әз-Наурызды ән мен күймен атап өтті

Павлодарда этномәдени бірлестіктер Әз-Наурызды ән мен күймен атап өтті
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шара шашумен басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Достық үйі» алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы  этномәдени бірлестіктерінің  шығармашылық ұжымдары «Қош келдің, Наурыз!» атты  мерекелік концертте өз өнерлерін көрсетті.

Сахна төрінде 24 этномәдени бірлестіктері ән салып, би билеп, павлодарлықтарға көңіл-күй сыйлады. Тұрғындармен бірге «Қара жорға» әніне флешмоб орындалды.


Бұдан бөлек ұлттық ойындардың бірі – гір тас көтеру бойынша ерлер сынға түсті.