Павлодарда КВН маусымының ашылуы өтеді

Павлодарда КВН маусымының ашылуы өтеді
Фото: «Ертіс» КВН өңірлік Лигасының ресми «Instagram» парақшасы

Еліміздің алты өңірінен командалар қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

31 наурыз күні сағат 18:00-де Халықаралық КВН одағының «Ертіс» ресми лигасы қаланың ішкі саясат бөлімі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру шеңберінде республикалық КВН фестивалін ұйымдастырады.

Фестивальға Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Павлодар облысының командалары қатысады.

Өтетін орны: Конституция алаңы, 1, Естай атындағы қалалық мәдениет сарайы.