Павлодарда кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Оған үш ауданның тауар өндірушілері қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 1 маусымда Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы) мекенжайында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетін болады.
Жәрмеңкеге Успен, Тереңкөл, Аққулы аудандары және Павлодар қаласы сияқты ауылдық аудандардың тауар өндірушілері қатысады.
Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Ауыл базары», сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.