Павлодар облысында сұлулық салондарының қызметі қымбаттады ма?
Кейбір өңірлерде баға 20%-дан артық қымбаттады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Finprom.kz сарапшыларының мәліметінше, қазақстандықтар шаштараздар мен сұлулық салондарына жиі жүгінген. 2023 жылғы қаңтар–желтоқсан соңында ҚР-да шаштараз және сұлулық салондарының қызметі 62,3 миллиард теңгеге жетті, бұл - былтырғымен салыстырғанда 80% артық.
Ең көп қызмет көрсету Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысына тиесілі. Сала бойынша ең аз қызмет Түркістан, Алматы және Ұлытау облыстарында көрсетілген.
Жыл басынан бері шаштараз бен сұлулық салондарының бағасы былтырғы қаңтармен салыстырғанда 14,5% қымбаттады. Бір жылда педикюр - 10%, маникюр -16,4%, эпиляция 7,5% қымбаттады. Әйелдердің шаш қиюы - 18%, ерлердікі 14,3% қымбаттады. Шымкент, Алматы және Абай облыстарында баға айтарлықтай өсті. Биыл қаңтарда республика бойынша орта есеппен әйелдердің шаш қиюы 3,5 мың теңге, ерлердің шаш қиюы 2,4 мың теңгені құрады.
Бұл ретте, өткен жылмен салыстырғанда бағалар Батыс Қазақстан өңірінде өзгерген жоқ, Астанада олар тек 5,3% -ға, ал Павлодар облысында 7,8%- ға көтерілді.